Википедия: Спортшылардың қазақ тіліндегі жеке парақтары тұңғыш рет орыс тілді нұсқасынан бұрын жаңартылды - Өркениет|20 Тамыз 2012, 15:55
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Википедия: Спортшылардың қазақ тіліндегі жеке парақтары тұңғыш рет орыс тілді нұсқасынан бұрын жаңартылды

 Астана. 20 тамыз. BAQ.kz - Үстіміздегі жылдың шілде айында «Қазақша Википедия» жобасының қаралған беттер саны 4 млн асып, қазақ тілдіндегі жазбалар саны 152 мыңға жетті, деп хабарлайды «Wikibilim» қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Википедиядағы тілдер рейтингісінде қазақ тілі 32 орында тұр.

Негізгі бөлігі мектеп оқушылары мен студенттер болып есептелетін энциклопедия пайдаланушыларының белсенділігі күз айларында бірнеше есе өседі деп күтілуде.

«Жаз кезінде белсенді пайдаланушылар, мақалаларды жазушылар мен жөндеушілер саны қысқаруы мүмкін деген қаупіміз бекерге шықты. Белсенді редакторлар саны 180-190 адам деңгейінен түскен жоқ, жазғы маусымға дейін олардың саны 250 адам болатын», - деді Р.Кенжеханұлы.

Қор басшысының айтуынша, Жазғы Олимпиада ойындары кезінде жоба қауымдастығының айырықша белсенділігі байқалған, бұл спорт пен чемпиондар туралы контенттің әртүрлілігіне ықпал еткен.

«Спорттың жекелеген түрлері туралы тамаша мақалалар пайда болды, спортқа арналған портал анағұрлым күшейді. Әрине, біздің чемпиондарымыз туралы керемет мақалалар да назардан тыс қалған жоқ. Спортшылардың қазақ тіліндегі жеке парақшалары тұңғыш рет Википедияның орыс тілді нұсқасынан бұрын жаңартылды», - деп хабарлады «WikiBilim» басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақша Википедия» жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Аталған жоба 2011 жылдың маусым айында іске қосылған. Халықаралық «Викимания» (Wikimania-2011) конференциясы қорытындысы бойынша «Қазақша Википедия» Жыл Википедиясы (Global Wikipedian - 2011) деп аталған.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер