BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үш жылда 206 жоба қаржыландырылды

Астана. 11 желтоқсан. Baq.kz – 2010-2013 жылдары аралығында инновациялық грантқа қатысты 1 300 өтініш қаралды. Оның ішінде жалпы құны 9,3 млрд. теңгені құрайтын 206 жоба қаржыландырылды, - деп хабарлайды Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

2010-2013 жылдар ішінде 3 мыңнан астам инновациялық жобалар мен әзірлемелер қаралып, олардың 541-іне тәжірибелік көмек пен 11,7 млрд. теңге шамасында қаржылай қолдау көрсетілген.
- Инновациялық индустрия ғылымы мен білімі – XXI ғасырдағы Қазақстанның стратегиялық әлеуеті, - деп айтқан болатын Елбасымыз Назарбаев – Университетінде өткізген лекцияларының бірінде.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік мұндай қолдаудың астарында елдегі инновациялық жүйе мен инновациялық инфрақұрылымдық дамыту бағытын ұлттық ғылыми тұрғыдан тиімділігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, осы саладағы қызмет пен оның жаңа түрлерін кең көлемде ілгерілету жайында шаралар ұйымдастыру.
Жоғарыда аталған мерзім ішінде Қазақстанда тиімді инновациялық инфрақұрылым қалыптасты, оның ішінде 8 технопарк, 4 конструкторлық бюро, 21 коммерцияландыру кеңсесі мен 5 аймақтық коммерцияландыру кеңсесі және технологияларды трансферттеудің 2 халықаралық орталығы қалыпты қызметке кірісті деп мәлімдейді Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
Сонымен қатар, осы салада инновация мен инновациялық гранттарды іске қосуда және технологиялық бизнес-инкубатор қызметін жандандыру, венчурлық қаржыландыру мен жобалау қызметінде бірқатар қолдау көрсету жүйесі қолданысқа енгізілді.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер