Юпитердің серігінде тіршілік болуы мүмкін - Өркениет|03 Мамыр 2014, 12:19
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Юпитердің серігінде тіршілік болуы мүмкін

Астана. 3 мамыр. BAQ.KZ – НАСА ғалымдарының мәлімдеуінше, Юпитердің ең ірі серігі Ганимедте тіршілікке қолайлы орта болуы әбден мүмкін. 

Ганимед таулы тастардан және мұздан тұрады. Ғаламшардың біраз бөлігін тереңдігі жүздеген шақырым болатын мұзды мұхит алып жатыр. Ол - Күн жүесіндегі өзіндік магнитосферасы бар жалғыз спутник. Онда сондай-ақ, құрамында оттегі кездесетін жұқа атмосфера қабаты да бар.
Ғалымдардың мәлімдеуінше, Ганимед мұхитының беті мұз болғанымен, астыңғы қабаттарында сұйық күйінде су кездеседі. Ол су құрамында тұздың көп болуынан дейді олар. Ал, тұз су түбіне дейін жетсе ол тау құрамындағы заттармен өзара қатынасып, органикалық тіршілік иелерінің пайда болуына жағдай жасайды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер