Үндістан Марсқа экспедиция жасауды жоспарлап отыр - Өркениет|15 Тамыз 2012, 20:18
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Үндістан Марсқа экспедиция жасауды жоспарлап отыр

 Астана. 15 тамыз. BAQ.KZ - Сейсенбіде Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх Марс орбитасына ғарыш кемесін аттандыруды жоспарлап отырғандығын хабарлады.
Премьердің айтуынша, пилотсыз басқарылатын әуе кемесі ғылымға керекті маңызды дүниелерді жинайтын болады. "Бұл жоба Үндістанның ғылымы мен технологиясының дамуындағы үлкен серпіліс болмақ" деді Сингх өз сөзінде.

 Ғарыш кемесі келесі жылдың қараша айында ұшырылмақ. Жоба құны 80 миллион долларды құрап отыр.
Үндістан соңғы жылдарда бірқатар жер серіктерін ұшырып үлгерді. Елдегі ғарыш саласына қарсы топтар аталмыш бағытқа жұмсалып жатқан қаражатты әлеуметтік салаларға бағыттау керек еді дейді. Ал, ел премьері Марсқа жасалатын экспедицияны тәуелсіздіктің 65 жылдығына арнап отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер