Ұлттық ядролық орталықтың ғалымдары жаңалық ашты - Өркениет|03 Қазан 2012, 16:06
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ұлттық ядролық орталықтың ғалымдары жаңалық ашты

Астана. 3 қазан. Baq.kz Астанадағы Ұлттық ядролық орталық бөлімшесіндегі бір топ жас ғалым ауыз су мәселесін шешудің жолын тапты. Олар жұқа үлпектерден сүзгіш шығарды. Нанобөлшектермен сәулеленген қабыршақ, тіпті, көлдің балдыр толы лас суын 100 пайыз тазартады 

Жоба жетекшісі Максим Здоровец тіректі мембрана негізінде мұндай зерттеуді әлі ешкім жасамағанын айтады. Алдымен, миллиондаған крептон, жұқа қабықты сәулелендіреді екен.
Айнаш ЖҰМАТАЕВА, Кіші ғылыми қызметкер:
- Әкелінген пленкаларды дайындап, оларды колоннаға енгіземіз, содан соң онлайн режимінде қарай беруге болады.
Ғалымдар сәулеленген қабықша ішіне алтынды пайдалану арқылы миллиардтаған нанотүтікшелерді өсірген. Қабыршақ өте жіңішке тесіктерден тұрады. Өнертапқыштардың айтуынша, бұл тесіктер арқылы бактерия өтпейді екен. Жаңа ғылыми жоба іске асса, бірден бірнеше мәселе шешімін таппақ. Біріншіден, сырттан келетін қымбат тауарға бұдан былай қажеттілік жоғалады. Екіншіден, облыс орталықтарынан шалғай жатқан елдімекендерде тұратын халық құбырлардың салынуын ұзақ жылдар бойы күтпей-ақ, таза ауыз суға қол жеткізе алады.
Максим ЗДОРОВЕЦ, Ұлттық ядролық орталықтың Астанадағы бөлімшесінің бастығы:
- Бұл жобаның іске асуы маңызды болып тұр. Енді ауыл тұрғындарына кез-келген өзен-көлден су тартып, 1 сағат көлемінде осы сүзгімен тазартып, қайнатпай-ақ тұтына берсе болады. Яғни, тазарған суда ешқандай бактерия болмайды.
Жаңалыққа жаны құмар Ерназ ядролық физика факультетінің 4-курс студенті. Ол жастардың ғылыммен еркін айналысуына елімізде жағдай жасалынса,- дейді.
Ерназ СЕМБАЕВ, Орталық қызметкері:
- Жұмысым маған өте ұнайды. Ғылыми тәжірибе жинап, өзім үшін күнде бір нәрсе үйренемін. Ресей, АҚШ мемлекеттерінен келген мамандармен кездесіп, жұмыс барысын талқылап, білімімді одан әрі жетілдіремін.
Енді 10 адамнан тұратын зерттеушілер тобы 6 патентті бірден алмақшы. 3-еуі жоба нұсқасына болса, қалғаны өнімді ойлап тапқаны үшін беріледі. Қазіргі таңда халық бағасы 45 мыңды құрайтын Бельгияның сүзгіштерін қолданып жүр. Жарты жылдан соң, нарыққа 5 есе арзан елімізде жасалған мембраналар қолданысқа шығады.
Авторлар: Аруна Ортай, Мерей Советхан, 24 KZ 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер