Ұлттық кітапханада Яссауи көрмесі ашылды - Өркениет|30 Сәуір 2016, 15:21
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ұлттық кітапханада Яссауи көрмесі ашылды

Астана. 30 сәуір. Baq.kz. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында сопылық поэзияның негізін қалаушы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауидің 850 жылдық мерейтойы аясында еліміздегі іргелі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен «Ясауи мұрасы – мәңгілік мұра» көрмесінің ашылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.  

Бұл көрмеде Яссауи нәр алған Құран, хадис, тәфсирлер кітабы орналастырылса, Қазан, Ташкент, Бұқара, Самарқанд баспаларынан шыққан Қожа Ахмет Яссауи мұрасы мен іліміне қатысты «Диуани хикмет» кітабының көне қолжазба нұсқалары, «Мират-ул Кулуб», «Фақырнама» еңбектері қойылған. Сондай-ақ, Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті Сүлеймен Бақырғанидің «Диуан» кітабы, Шейх Худайдад Таш-Мұхаммед әл-Бухаридің «Бустан уль-Мухиббин» қолжазбасы, Имам Мағруди, Хожа Хафиз, Құл Азим шығармалары, Сопы Аллаярдың араб, түркі тілдерінде жарық көрген еңбектері, ХІХ ғасырдан жеткен киелі кесене мен Түркістан қаласының көріністері жайлы сыр шертер фотосуреттер көрермен назарына ұсынылып отыр.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер