Ұлттық инновациялар байқауы жарияланды - Өркениет|23 Мамыр 2016, 12:03
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық инновациялар байқауы жарияланды

Астана. 23 мамыр. Baq.kz – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен өткізілетін жыл сайынғы Ұлттық инновациялар байқауына өнертапқыштар мен рационализаторларды қатысуға шақырады.

Байқаудың негізгі мақсаты – халықтың инновациялық белсенділігін ынталандыру және инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау. Байқау 2005 жылдан бері жыл сайын өткізілуде, осы жылдар ішінде елдің әр өңірінен 5000 астам өнертапқыш қатысты.
Байқау мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Орта мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба»;
- «Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба»;
- «Үздік рационализаторлық ұсыныс».
Сондай-ақ, биыл алғаш рет инновацияның 5 түрі бойынша үздік инновациялық жобалар анықталады. Бұлар процестік, маркетингтік, ұйымдастырушылық, өнімдік және әлеуметтік инновациялар. Өнідірістік процесті, кез келген жұмысты, маркетингтік қызметті өзгерту барысында өнімділік пен экономикалық тиімділік арттырылса, шығындар азайтылып, тұтынушылар санын ұлғайтса – бұл да инновация. Аталмыш номинация бойынша Қазақстан Республикасының 18 бен 40 жас аралығындағы резиденттері қатыса алады. Инновацияның әр түрі бойынша жеңімпаз 500 мың теңге көлеміндегі сыйлыққа ие болады.
Кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтардың, мемлекеттік органдардың, даму институттарының өкілдерінен құралған Байқау комиссиясы «Үздік бизнес-қамқоршыны» және «Ең инновациялық-белсенді өңірді» анықтайды.
Байқаудың жалпы жүлделік қоры 6 000 000 теңгені құрайды.
«Орта мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясындағы жеңімпаздар Ұлыбританияға танымдық-оқу сапарына баруға мүмкіндігіне ие болады;
«Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясындағы жеңімпаз бен жүлдегерлер (2 және 3 орын) сәйкесінше 1 000 000, 500 000 и 200 000 теңгеге ие болады.
«Үздік рационализаторлық ұсыныс» номинациясындағы жеңімпаз бен жүлдегерлер (2 және 3 орын) сәйкесінше 1 000 000, 500 000 и 300 000 теңгеге ие болады.
Инновациялардың түрлері бойынша 5 жеңімпаздың әрқайсысы 500 000 теңгеге ие болады.
Байқаудың түрлі категорияларындағы қатысушылар үшін қосымша сыйлықтар қарастырылған.
Байқауға қатысу шарттарымен www.natd.gov.kz сайтында танысып, онлайн-өтінімді 2016 жылғы 25 шілдеге дейін тапсыруға болады.
Байқаудың нәтижелері ағымдағы жылдың қыркүйек айында XI Инновациялық конгресте шығарылады.
Айта кетейік, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (ТДҰА) инновациялық даму процестерін координациялаумен қамтамасыз етуде көмектесу үшін және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін құрылған. ТДҰА «Байтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер