ҰБТ-ға дайындалудың жаңа әдісін ойлап тапқан студент жарты миллион теңге иеленді - Өркениет|25 Қыркүйек 2012, 12:05
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

ҰБТ-ға дайындалудың жаңа әдісін ойлап тапқан студент жарты миллион теңге иеленді

Астана. 25-қыркүйек. BAQ.KZ. Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар институтының үшінші курс студенті Азат Шәуен Ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты «PassENT» жобасын ойлап тауып, жарты миллион теңге көлеміндеге жүлдеге ие болды. 

Азат Шәуен бұл жобасын жақында Астанада өтетін «Digital Communications Kazakhstan-2012» конференциясына арнайтынын айтады.
Азат Шәуеннің жобасының басты ерекшелігі, оқушылар ұлттық тестілеуге интеллектуалдық онлайн ойыны арқылы өзгеше дайындық жүргізе алады. Мұндай жоба тестілеуге дайындықтан қашатын көптеген жастардың қызығушылығын оятады. Әр ойынға үш үміткер қатыса алады. Сондай-ақ, жауаптарының дұрыстығы мен жылдамдығына байланысты ұпайларын да түгендейді. Азат бұл жобасын 2013 жылдың көктемінде пайдалануға беруді жөн санап отыр. Жобаның 80 пайызы сәуірге дейін дайын болса, бірнеше мектептерде сынақтық ойындар жүргізіп көреді.
Азат Шәуенді қазірден бастап бірлесіп жұмыс жасауға шақырып жатқан отандық компаниялар бар екен.
- Жақында «e-learning.kz» жобасы ұсынып, «smartschool.kz» пайдалануға берушілер мені бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, ҰБТ жобасымен айналысатын Астанадағы "Центр 5+" компаниясы да менің қызметімнен бас тартпайтынын жеткізді, - дейді Азат.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер