BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тутанхамон перғауынның өлімі неден болған?

Астана. 4 қараша. Baq.kz - Ғасырлар бойы Мысырды билеген перғауындар жайлы көп айтылғанымен, дәлелді деректер көп кездеспейді. Осындай ғұмыры құпияға толы билеушілердің бірі - әйгілі Тутанхамон. 

Тутанхамон ерекше саясатымен есте қалған жоқ. Ол тым жас билеуші ретінде ғана тарихта аты қалған тұлға. Сонымен қатар, мазары тоналмаған перғауын ретінде де Тутанхамонды жұрт жақсы біледі.
Күні кешеге дейін жас билеушінің қалай қайтыс болғандығы құпия болып келді. Бір анығы, ол кісі қолынан қаза тапқан. The Telegrapg газетінің жазуынша, британдық ғалымдар жуырда перғауын өлімінің шынайы себебін анықтапты.
Мумияны 3D форматына көшірген ғалымдар Тутанхамон денесінің сол жағынан арба дөңгелегі жүріп өткендігін анықтап отыр. Демек, ол соғыс кезінде арба астында қалып жан тәсілім еткен дейді ғалымдар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер