Төлем жүйелері телефонда қолжетімді болуы тиіс – Үкімет басшысы - Өркениет|20 Маусым 2014, 13:18
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Төлем жүйелері телефонда қолжетімді болуы тиіс – Үкімет басшысы

Астана. 20 маусым. Baq.kz – Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында депутаттардың сауалдарына жауап беру барысында Премьер-министр Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Әлемді шарпыған жаһандық дағдарыстың әсерінен оңай сытылып шығу ешбір ел үшін де оңай шаруа емес. Десек те, Мемлекет басшысының жетекшілігімен отандық экономика еңсесін тіктеп келеді. Бұл ретте экономикамыздың дәстүрлі секторларына қолдау көрсетуде Үкімет бірқатар ауқымды шараларды қолға алуда. Атап айтсақ, біз соңғы екі айда барлық ірі қазақстандық тауар өндірушілермен кездесіп, олардың мәселелері мен мұң-мұқтаждарын тыңдадық. Бүгінде бірқатар мәселелер оң шешімін тауып жатыр. Сондай-ақ, Ұлттық қордан бөлінген қаржының алғашқы 100 млрд теңгесін тиімді пайдалансақ, отандық өңдеу өнеркәсібі жандана түсетіні сөзсіз. Сонымен қатар, инновациялық ғылыми жобаларды жетілдіру арқылы экономиканы дамыту керек. Бұл болашақтың экономикасы десек те, алдағы 5-6 жылдықта ел тұрғындары үшін өркениеттіліктің бір белгісі интернет қолжетімді болуы тиіс. Соның нәтижесінде, төлем жүйелерінің телефон арқылы орындалуы кім-кімге де тиімді әрі ол қаржы операцияларының мөлдірлігін де қамтамасыз ететін болады, - деді Үкімет басшысы.

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер