Токио - әлемдегі ең ірі мегаполис - Өркениет|15 Қыркүйек 2013, 22:02
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Токио - әлемдегі ең ірі мегаполис

Астана. 15 қыркүйек. Baq.kz - Жапония астанасы әлемдегі ең ірі мегаполис. Мұндай мәліметті тұрғындар проблемасымен айналысатын американдық Population Reference Bureau зерттеу агенттігі жариялап отыр. 

Аталған ұйымның деректеріне сәйкес, Токиода ел халқының 29 пайызы, яғни 37,2 млн. адам тұрады. Рейтингтің екінші орнында Үндістан астанасы - Нью-Дели қаласы. Бұл қала тұрғындарының саны - 22,7 млн. адам. Ал үшінші орынға тұрақтаған Мексика астанасы Мехикода 20,5 млн. адам өмір сүреді екен. Халқының саны бойынша ірі қалалар ондығына Нью-Йорк, Шанхай, Сан-Паулу, Мумбай, Бейжің, Дакка және Калькутта кіріп отыр.

Осы ұйымның деректеріне қарағанда, жер шарында 7,1 млрд. адам өмір сүруде. Азияда 4,8 млрд., Африкада - 1,1 млрд., Европада 760 млн. адам тұрады. Солтүстік Америкада 352 млн., ал Оңтүстік Америкада 606 млн. адам тіршілік етеді.

Population Reference Bureau мәліметінше, 2050 жылға қарай жер тұрғындары 9,7 млрд. адамға жетсе, ал оның 2,4 млрд.-ы Африкада тұратын болады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер