«Токамак» реакторы EXPO-2017 көрмесі кезінде ұшырылмақ - Өркениет|25 Желтоқсан 2015, 11:39
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Токамак» реакторы EXPO-2017 көрмесі кезінде ұшырылмақ

Астана. 25 желтоқсан. Baq.kz - «Токамак» аталатын қазақстандық термоядерлік металтанушы реакторы 2017 жылы EXPO көрмесі кезінде ұшырылады.

Бұл туралы журналистерге Қазақстан Ұлттық ядролық орталығының директоры Ерлан Батырбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, келер жылы ғалымдар құрылғыны салып бітіруге тырысады. Сарапшылар «Токамак» реакторы EXPO көрмесінде көпшіліктің көзайымына айналатын дүние болады деп отыр. Қазір құрылғының 80%-ы дайын.

Ерлан Батырбеков, ҚР ҰЯО бас директоры: - Біз барлық жұмыстарды уақытылы бітіреміз деп ойлаймын. Бұл реактор Қазақстанның адамзатқа ортақ термоядролық мәселесін шешуге зор үлес қосады. Сондай-ақ бұл жаңашылдық EXPO-2017 көрмесіне келушілерге біздің мүмкіндіктерімізді паш етеді.

Айта кетейік, қазақстандық ғалымдардың металтану мектебі – бүкіл әлемге танымал оқу орны. Ерлан Батырбековтың айтуынша, бүгінгі күні Семей полигоны аумағының 40%-ы зерттеліп болды. Өндірістік қалдықтарды сақтайтын алқаптарды әзірлеу үшін көп жұмыс атқарылды. Қазір бұл алаңдар жабық. Олар ауыл шаруашылығына пайдалануға берілмейді. Өйткені онда 40 тонна қалдық көмілген.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер