Тынық мұхитынан әлемдегі ең ірі жанартау табылды - Өркениет|08 Қыркүйек 2013, 21:58
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Тынық мұхитынан әлемдегі ең ірі жанартау табылды

Астана. 8 қыркүйек. Baq.kz – АҚШ пен Жапонияның геологтері Тынық мұхиты түбінен 140 млн жыл бұрын сөнген жанартауды тапты. Ол Жер шарындағы ең ірі жанартау саналып отыр. 

Nature news жария еткен мәлі­метке қарағанда, мамандар Жапо­ния жағалауынан 1500 шақырым­дағы Шатский қыратының бір бөлігі – Таму тауының геологиялық құрылымын зерттеген. Бұл жердегі сейсмикалық толқындардың тара­луы мен базальтті жыныс үлгілерін салыстыра талдаған кезде су астын­дағы қыраттың бұрынғы жанартау екені анықталды. Супервулканның диаметрі – 625 шақырым. Еске сала кетейік, өткен аптада Ұлыбритания, Италия және Канаданың геологтерінен құралған топ Гренландия аумағынан ірі каньон тапқанын хабарлаған еді. Ұзындығы – 750 шақырым, тереңдігі 800 метр болатын құздар мұз астында қалып келген. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер