Спутниктік телевизияны тұтынушылар саны 150 мыңға жетті – А.Жұмағалиев - Өркениет|03 Шілде 2012, 12:56
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Спутниктік телевизияны тұтынушылар саны 150 мыңға жетті – А.Жұмағалиев

  Астана. 3 маусым. BAQ.kz -Спутниктік телевизияны тұтынушылар саны 150 мыңға дейін жеткен. Бұл туралы Астанда өтіп жатқан Индустриялық форум барысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Вnews.kz тілшісі. 

«Әр елді мекенді ұлттық сандық телевизиямен қамтамасыз ету қолға алынған болатын. Өткен жылы Сіздің қатысуыңызбен спутниктік сандық телевизия іске қосылды. Соның арқасында барлық елді мекендер отандық телевизиямен 100% қамтылатын болады. Оның ішінде мемлекеттік телевизияға қосылмаған 600-дей шет ауыл қамтылмақ», - деді Жұмағалиев,
Оның айтуынша, «Отау ТВ» бренді күн санап қазақстандықтар арасында кеңінен таралуда.

«Спутниктік телевизияны тұтынушылар саны 150 мыңға дейін жеткен және бұл көрсеткіш күн санап өсіп жатыр. «Отау ТВ» бренді Қазақстан кеңістігінде кең қанат жаюда», - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, халықты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында рекордерлер мен қабылдағыштардың отандық өндірістері құрылған. Бұл мега жобаны іске асыру мақсатында шағын және орта бизнестің 500-ден астам кәсіпорын құрылып, жұмылдырылған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Индустриялық форум өз жұмысын бастады. Индустриялық форум аясында еліміздің аймақтарымен жалпыұлттық телекөпір форматында жұмыс мәжілісі өтеді. Соның аясында ҚР үкіметі ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысы бойынша, сондай-ақ 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында есеп беретін болады.

Аймақтармен онлайн режимінде байланыса отырып, 6 жаңа нысан іске қосылады және 4 жобаның құрылысына бастау беріледі. Одан бөлек, Астанада дәл осы сәтте «Қазақстандық өнімді сатып ал» деп аталатын отандық өндірушілер өнімдерінің көрмесі өтіп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер