BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шамның жарығымен жұмыс істейтін Li-Fi интернет

Астана. 21 қазан. Baq.kz – Шанхайдағы Фудань университетінің ғалымдары Wi-Fi сигналын тарататын лампочкалар ойлап тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Ғалымдар қарапайым жарық диодты лампаның ішіне секундына 150 мегабит жылдамдықпен мәліметтер беруге қауқарлы микрочип орнатқан. Бұл – Қытайдағы кең жолақты ғаламтордың орташа жылдамдығынан әлдеқайда жылдам. Мұндай лампаның біреуінен алынған жарықтың көмегімен бірден төрт компьютерді интернетке қосуға болады.
Li-Fi деп аталатын жаңа технология қазірдің өзінде жемісін бере бастады. Бұл тәсіл ғаламторға қосылудың қарапайым түрлерінен әлдеқайда жылдам, арзан және тиімді болып отыр. Бір ғана кемшілігі – жарық сөнгенде ғаламтор да өшеді.
Қараша айында ғалымдар Шанхайда өтетін халықаралық өнеркәсіп жәрмеңкесінде ғаламтордың 10 тәжірибелік үлгісін таныстырмақшы.

 

Ғабит ҚАРАБАЙ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер