Рим Колизейі Пиза мұнарасы сияқты қисайып келеді - Өркениет|31 Шілде 2012, 11:24
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Рим Колизейі Пиза мұнарасы сияқты қисайып келеді

 Рим Колизейі Пиза мұнарасының тағдырын қайталады. Ғимараттың оңтүстік бөлігі бұрын қарсы беттегі гладиаторлар қақтығысы өткен ескі аренаға қарағанда 40 сантиметрге қисайған.

  Еuronews хабарлауынша зерттеушілер көне ғимараттың қасбеті шамамен бір жыл уақыт бұрын қисая бастағанын байқағанымен, оны өлшеуді бірнеше ай бұрын ғана бастапты.
  Қазір ғалымдардар антика дәуірі ғимараттарының неліктен осылай бір жаққа қарай «жантаятынын» зерттемек. Сонымен қатар, Рим орталығындағы автомобиль қозғалысының мәдени мұраның қисаюына тигізетін әсері де тексеріледі.
  Сейсенбі күні Колизейде үш жылға созылатын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталады. Бірақ тарихи ескерткішті тамашалауға еш тыйым салынбаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер