BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодарда тозаңнан көмір өндіріледі

Павлодар. 10 желтоқсан. Baq.kz - Павлодар облысында көмір өндірісі саласында тың бастама қолға алынды. Енді бұл өңірдегі Сарыкөл көмір кенінде қатты отынның жаңа түрі – брикет­телген көмір шығарылмақ. Жоба «Гамма» ЖШС-не тиесілі. Айта кетер жайт, биркетті көмір өндірістен кейін қалатын тозаңнан жасалады. 

Жаңа қара отын экологиялық таза сипатқа ие, сонымен қатар механикалық беріктігі жоғары. Қазіргі таңда брикетті көмірдің тәжірибелік партиясы алынған. Айта кетерлігі, өңірдегі көмір өндірісін алға бастыратын технология елімізде ал­ғашқы рет қолданылуда. Бұл үрдіс Пав­лодар облысын көмір қалдықтарынан та­зарту мәселесін шешуге сеп болары сөзсіз.

Жангелді АСМИЕВ, «Гамма» ЖШС директорының орынбасары:

– Кен орындарындағы көмір өндірісінен кейінгі тозаң үйінді болып жататын. Болашақта тозаңды да кәдеге жара­тамыз. Жоба іске асырылғаннан бастап қатты отынның жаңа түрі – бри­кеттелген көмір алынатын болады. Брикеттер көмір қалдықтарын сығу әдісімен алынады, содан кейін бай­ланыс­тырушы компоненттер мен жану катализаторлары қосылады.

Автор: Жарқын ШЫНТАЙ 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер