Отандық өнертапқыш электр қуатын 15-20 есеге үнемдейтін компьютер ойлап тапты - Өркениет|19 Қаңтар 2016, 10:10
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Отандық өнертапқыш электр қуатын 15-20 есеге үнемдейтін компьютер ойлап тапты

Астана. 19 қаңтар. Baq.kz - Отандық өнертапқыш ойлап шығарған компьютер мемлекеттің күніне 42 млн теңгесін үнемдеп қала алады.
 

Алматылық ғалым Виктор Покусов электр қуатын әдеттегі компютерлерден бірнеше есе аз тұтынатын есептеуіш машина ойлап тапты. Бір қарағанда пішіні шағын. Алайда оның сіз бен біз пайдаланып жүрген әдеттегі компьютерден пайдасы анағұрлым көп. Мәселен кәдімгі компьютер сағатына 400 киловатт электр шығындаса, алматылық ғалым Виктор Покусов жасаған мына компьтер сағатына небәрі 15 киловат тоқ жұтады.

Виктор Покусов, өнертапқыш - Өте тиімді. Электр қуатын 15-20 есеге үнемдейді. Бір компания өздеріне осындай 50 шақты компьютер орнатты. Бір жылдан асты. Әзірге ешқандай шағым айтқан жоқ. Ғалым өз еңбегінің мемлекетке орасан пайда әкелетініне сенімді. «Мұнымен бюджеттің тірталай қаржысын үнемдеп қалуға болады», - дейді.

Өнертапқыштың айтуынша, еліміздегі мемлекеттік мекемелерде шамамен 880 мың компьютер бар. Олар күніне 44 млн теңгенің қуатын жұмсайды. Ал егер үнемшіл компьютерлерді орнататын болса, күніне 42 млн, ал жылына 10 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл ақшаға мысалы 10 мектеп, 10 балабақша тұрғызуға болады. Үнемшіл компьютердің бағасы да қымбат емес. Core i5 процессоры орнатылғаны 120 мың теңге тұрады. Өнертапқыштың сөзінше, бұл ақшаны электр жарығын үнемдеудің есебінен небәрі 2 жарым жылда ақтап алуға болады. Енді ол өзінің патенттелген туындысын «Шапағат 2016» байқауында таныстырмақ. Бүгін Әділет министрлігі бұл конкурстың басталғанын жария етті.

Сырым Бекенов, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ның директоры - Жеңімпаздар «Шапағат» жүлдесінің алтын мүсіншісі және 200 мың теңгені қанжығасына байласа, диплом иеленгендерге 100 мың теңге ақшалай сыйлық беріледі. Ұйымдастырушылар ғылыми жобаларды қаржыландыруға мемлекеттен бөлек, бизнес құрылымдары да мүдделі болу керектігін айтады. Айтуларынша, өндіріс ғылымға иек артқан жағдайда ғана табыс еселенеді.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер