BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Орыс ғалымдары қатерлі ісікті емдей бастады

Астана. 30 қазан. Baq.kz - Жаңа препарат науқастың өмірін әдеттегіден екі есеге ұзартады екен. 

Ресейдің Новосібір қаласында орналасқан медициналық ғылыми зерттеу орталығының ғалымдары рак індетіне қарсы вакцина ойлап тапты. Қазіргі таңда препарат клиникалық зерттеулерден өтіп, жақсы нәтижелерін көрсетті.
Қазіргі таңда аталған екпе қатерлі ісіктің 3-4 кезеңіндегі науқастарға егіліп жатыр. Олардың өмірі екі есеге дейін ұзарған дейді дәрігерлер.
"Біз адам ағзасынан дендрит жасушаларын алып, ісік клеткаларының антигеніне араластырамыз. Антигенді дендрит жасушалары бойына сіңіргеннен кейін адам ағзасына қайта егеміз. Нәтижесінде олар мықты иммунитет тудырып, ағзада ауруға қарсы күрес жүргізеді" дейді медицина ғылымдарының докторы, академик Владимир Козлов.
Оның айтуынша, препарат науқасқа операция жасалғаннан кейін егіледі екен. Сондай-ақ, рактың алғашқы кезеңінде де осынау емдом пайдаланылады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер