ОҚО ғалымдары Каспий теңізін микроағзалардың көмегімен тазартпақшы - Өркениет|25 Қыркүйек 2012, 10:40
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

ОҚО ғалымдары Каспий теңізін микроағзалардың көмегімен тазартпақшы

Астана. 25 қыркүйек. Baq.kz Оңтүстікқазақстандық биохимиктердің пікірінше, Каспий теңізінің суын Шымкент зертханаларында өсірілген микроағзалар мен өсімдіктердің көмегімен тазартуға болады 

«Время» газеті жазғандай, жергілікті ғалымдар Каспийді мұнай мен мазут сияқты химиялық ластаушы элементтерден тазартпақшы.
«Теңіз суынан біз суды мұнайдан тазарта алатын тірі ағзалар мен өсімдіктерді таптық, - дейді ғылыми жетекші Ақмарал Исаева. – Қазір температура мен жарық сияқты факторлардың әсерін зерттеп, ол микроағзалардың үйлесімін тексеріп жатырмыз».
Айта кетейік, ғалымдар тәжірибелерінің сәтті жүзеге асатынына сенімді. Мұндай тәсілмен өнеркәсіптік және ағынды суларды да тазалауға болады. Алайда олардың тәжірибесін пайдалануға асықпау керек. Себебі олардың Шымкенттің басты өзені – Қошқар атаны тазалау бойынша жобасы іске аспай жатқалы біршама уақыт өтті.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер