Назарбаев Университеті ел дамуын жеделдететін 45 ғылыми жоба әзірлеуде - Г. Әбдіқалықова - Өркениет|11 Маусым 2014, 11:04
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Назарбаев Университеті ел дамуын жеделдететін 45 ғылыми жоба әзірлеуде - Г. Әбдіқалықова

 

Назарбаев Университетінде қазіргі уақытта Қазақстанның дамуын жеделдетуге арналған 45 ғылыми жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Жоғары білім көшбасшыларының ІІІ Еуразиялық форумында (EHELF) ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

 

 

«Қазірдің өзінде Назарбаев Университетінде жаңартылатын энергетика, қоршаған орта, компьютерлік технологиялар, биохимия, роботтехникасы және физика сияқты бағыттар бойынша 45 ғылыми жоба жүргізіліп жатыр», - деді ол.
Оның айтуынша, еліміздің барлық жоғары оқу орындарында ғылым мен бизнестің берік байланысы орнатылса ғана, мемлекет қарқынды даму жолына түсе алады.
«Бұл кәсіпорындарға инновацияларды тиімді енгізіп, жаңа өнімдер мен қызметтерге жол ашады», - дейді вице-премьер.

Айта кетейік, биылғы форумның негізгі тақырыбы "Табысты университет құру жолдары" деп аталды. Оған еліміздің беделді ЖОО-ларының ректорлары, Кембридж, Торонто, Хартфорд университеттерінің белгілі ғалымдары мен профессорлары қатысуда. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер