Менделеев кестесі 117-ші элементпен толығады - Өркениет|05 Мамыр 2014, 10:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Менделеев кестесі 117-ші элементпен толығады

Астана. 5 мамыр. BAQ.KZ – Менделеев кестесі жақын күндері жаңа элементпен толығатын болды. Оның бар екенін жуырда Германиядағы Ауыр иондар институтында жүргізілген зерттеулер дәлелдеп отыр.
 

Зерттеу кезінде бұрын белгісіз болып келген лоуренсий изотобы анықталды. Ол 117-ші элементтің ыдырауынан кейін пайда болған деген болжам бар.
117-ші элементтің әзірге ресми атауы жоқ. Ең алғаш рет оны ресейлік ғалымдар 2010 жылы тапқан болатын. Яғни, кальций иондарын атықлау арқылы синтездеген. 2012 жылы бұл экспериментті қайталау мүмкін болды.
Ал, немістер болса зертхана жағдайында төрт унунспетия атомын жасап шығарды. Алайда, ол небәрі 0,1 секунд қана тіршілік еткен. Ыдырағаннан кейін жаңа изотоп пайда болды. Айта кетейік, ураннан ауыр элементтердің басым көпшілігі тұрақсыз болып келеді және оларды табиғатта кездестіру мүмкіндігі өте төмен. Ал, олардың ең ауырларын тек зертханада ғана алуға болады.
Жаңа элементті кестеге қосу үшін арнайы комиссия құрылмақ. Оған теоретикалық және қолданбалы физика, химия мамандары кіреді. Комиссия мүшелері 117-ші элементтің расында да бар екендігіне көз жеткізу үшін тағы бір зерттеудің керегі бар-жоғын шешетін болады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер