BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігі артуда

Астана. 28 қазан. Baq.kz - Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Өңірлік хаб жобасына қатысушы елдерінің мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары мен білім беру мекемелерінің басқарушы буыны үшін «Мемлекеттік қызметті жаңғыртудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг басталды. 

12 елдің мемлекеттік қызметшілері мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысатын іс-шараның мақсаты - Канада, Нидерланды, Ирландия және Грецияның мемлекеттік қызмет жүйесін реформалауға қатысқан жетекші халықаралық сарапшылармен бірге мемлекеттік қызметті жаңғыртудың өзекті мәселелерін талқылау болып табылады. Семинар-тренинг үш күнге созылмақ.


Әлихан Бәйменов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:


- Бүгінгі семинар - Хаб аясында өткізіліп отырған алғашқы шара. Оның барысында мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшілерді бағалау және тағы басқа да мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер қаралатын болады. Хаб идеясы мемлекеттік қызмет реформаларын жүргізу кезіндегі халықаралық тәжірибені пайдалануға негізделген. Бұл семинар озық халықаралық тәжірибемен танысуға мүмкіндік береді.

 

Айбек РАХИМОВ


 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер