Мектеп түлектері мамандықты мобильдік қосымша арқылы таңдай алады - Өркениет|03 Мамыр 2014, 12:04
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мектеп түлектері мамандықты мобильдік қосымша арқылы таңдай алады

Астана. 3 мамыр. BAQ.KZ – Бұл ерекше жобаны Қарағанды облыстық білім басқармасының ұжымы ұсынып отыр. «Мамандықты бағыттаушы» деп аталатын мобильдік қосымшаны кез келген плеймаркеттерден тегін жүктеп алуға болады. 

Әзірше Қарағанды облысы төңірегіндегі колледждердегі мамандықтар туралы ақпараттық қосымшалар ғана дайын. Алдағы уақытта аймақтағы жоғары оқу орындар туралы мәліметтер жүктемелері қолданысқа жіберілмек. Үміткерлер алдымен мобильдік қосымшадағы арнайы тестілеуден өтіп, соның қорытындысы бойынша біліміне, икемділігіне сай бірнеше мамандықтар ұсынылады. Одан әрі өзі жүктемеге сұрау сала отырып, ол мамандықтардың қай оқу орнында бар екені туралы мағлұмат алады.

Дастан Қажиев, Қарағанды қалалық №92 мектеп-гимназиясының оқушысы:
-Бұл бағдарлама бізге ұнады. Себебі бізге ол жаңа мүмкіндіктер табыс етеді. Қандай оқуға түсетіндігімізді, неше жыл оқитынымызды, қандай маман болып шығатынымызды сол бағдарлама арқылы білеміз. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер