BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Медициналық ЖОО студенттері клиникалардың ең озық технологияларымен жұмыс істейтін болады

Астана. 30 қараша. Baq.kz - Еліміздің барлық медициналық ЖОО студенттері клиникалардың ең озық технологияларымен жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Baq.kz тілшісіне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен еліміздің барлық 6 мемлекеттік медициналық жоғары оқу орны денсаулық сақтау басқармалары, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойды.

Бүгін Астана қалалық әкімдігі, Ұлттық медициналық ғылыми орталық, Травматология және ортопедия ҒЗИ және Астана медициналық университеті арасында денсаулық сақтау және білім саласында бірлескен қызмет туралы Меморандумға қол қойды.

Медициналық ЖОО жоғары курс студенттері теория жүзінде алған білімдерін тәжірибеде пайдалану үшін клиникалардың озық құралғыларымен жұмыс істеп, машықтанатын болады.

Медициналық университтер мен ірі клиникалар арасындағы мұндай ынтымақтастық медициналық білім беру және халыққа көрсетілетін дәрігерлік көмек сапасын арттыруға ықпал ететін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер