ҚР телеиндустриясы жаһандану жолында - Өркениет|28 Тамыз 2013, 18:35
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

ҚР телеиндустриясы жаһандану жолында

Астана. 28 тамыз. Baq.kz «Қазмедиа орталығының» инженерлік құрамы еліміздің ең беделді бағдарламаларының бірі саналатын «Болашақ» бағдарламасы бойынша профессор М.А.Бонч-Бручевич атындағы Санкт-Петерборлық мемлекеттік телекоммуникация университетінде тәжірибелерін машықтайды. «Аудио және бейнелік ақпаратты сандық технологияда өңдеу» бағдарламасында «Телекоммуникация» мамандығы бойынша деп хабарлайды «Қазмедиа орталығының» баспасөз қызметі

 

Бағдарлама мақсаты - телевизиялық хабар тарату және телекоммуникациялар саласы бойынша Қазақстан Республикасы медиакомпаниялары техникалық мамандарының қосымша білімін жетілдіру болып табылады.

Степендияны «қазмедиа орталығының»11 инженерлері ұтып алды. Бағдарлама «Медиа-центр» СПбГУТ Ғылыми-ағарту орталығы негізінде 2013 жылдың 15 қарашасынан мен 15 желтоқсан аралығында жүзеге асады.

Бұл мемлекет үшін маңызды оқиға. Себебі, бұл қадам міндетті түрде Қазақстан телеиндустриясының дамуына ықпалын тигізеді.

«Біздің сала өте қарқынды дамып келеді және үнемі біліктілікті арттыруды қажет етеді. Бұл шешімін табуды қажет ететін мәселе»,- деді «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС бас директоры Қанат Сахариянов. – «Бұл оқиғаның біз үшін маңызы зор. Себебі бұл әлемдік алдыңғы қатарлы тәжірибеге, білімге, жаңа технологияларға бір қадам жақындау, әлемдік медиаортада болып жатқан процесс жетегінде болу болып есептеледі. Осының өзі азғантай жеңіс».

Қатысушылар тәжірибелерін машықтау барысында сандық телевизия мен радио хабарын тарату төңірегіндегі жаңалықтармен сусындап, заманауи аудиобейнемәліметін өңдеу аппаратурасының жұмысымен танысады. Сондай-ақ осы саладағы алдыңғы қатарлы компаниялардың кәсіби бағдарламаларымен танысады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер