Көлік жүргізуге сенімхатты онлайн түрде тегін алуға болады - Өркениет|11 Маусым 2014, 12:14
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Көлік жүргізуге сенімхатты онлайн түрде тегін алуға болады

Астана. 11 маусым. Baq.kz - Қазақстанның электрондық үкімет порталында ҚР ішкі істер министрлігінің жаңа онлайн-қызметі іске қосылды. Қызмет портал пайдаланушыларына автокөлікті жүргізу үшін берілген сенімхатты өздігінен алуына мүмкіндік береді.

 

 

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының электрондық қызметтер және сервистер жөніндегі орынбасары Талғат Исмағамбетовтің айтуынша, аталған қызметті пайдалану үшін интернетке қолжетімділік пен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) ғана қажет көрінеді. 
- Бұдан басқа, енді нотариус пен ТЕБ жүгінудің керегі жоқ. Өтінім берушіге, сондай-ақ белгілі-бір құжаттардың көшірмесін жасау керек емес, электрондық форманың қажетті алаңдарын толтырса болды, - дейді ол. 
Қызметті қолдану үшін egov.kz порталында тіркелгеннен кейін «Көлік және коммуникация» тарауындағы «Автомобиль көлігі» бөліміне кіріп Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеулері қоспағанда, «Сенімхат бойынша көлік құралын басқарушы тұлғаларды тіркеу»-ге шерту керек. 
«Онлайн қызметке тапсырыс» батырмасына ауысқаннан кейін пайдаланушы сенім берілген тұлғаның ЖСН, мекен-жайын және көлік құралының мемлекеттік нөмір белгісін, сериясы мен көлік құралын тіркеу туралы куәлік нөмірін жазу қажет. Содан кейін өтінімге ЭЦҚ көмегімен қол қойылады.
Өтінім саналған секундта ғана өңделеді, өтінім беруші порталдағы жеке кабинетте дайын сенімхатпен таныса алады немесе басып шығара алады. Ал мұндай қызмет түрі тегін көрсетілетіндігін де ескерте кеткен жөн.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер