Қызылордада IPhone және iPad шынылары шығарылмақ - Өркениет|20 Қыркүйек 2013, 12:29
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қызылордада IPhone және iPad шынылары шығарылмақ

 Астана. 20 қыркүйек. Baq.kz- Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Қызылорда облысында шыны зауытын салу жұмыстары қолға алынуда. Зауытты Қазақстан мен Қытайдың біріккен кәсіпорыны салатын болады. Жылына 175 мың тонна шыны өндіруді жоспарлап отырмыз. Шыны зауыты қарапайым терезелерге арналған шыныдан бастап IPhone және iPad шыныларын да өндіретін болады», - деді облыс әкімі.
Айта кетейік, аталған жоба өңірлердегі ірі кәсіпорындарды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның аясында салынғалы отыр. Зауыт 500-ге жуық жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Қызылорда облысының геологиялық жағдайы осынша көлемде шыны өндіруге мүмкіндік береді. Себебі, облыс еліміздегі шыны өнімінің шикізаты болып табылатын кварц құмына өте бай.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер