Қытай мен АҚШ-тың арасын жалғайтын теміржол салынады - Өркениет|11 Мамыр 2014, 20:08
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қытай мен АҚШ-тың арасын жалғайтын теміржол салынады

 АСТАНА. 11 мамыр. BAQ.KZ – Қытай үкіметі ҚХР-Ресей-Канада-АҚШ бағытында жүретін жоғары жылдамдықты темір жол желісін салуды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Росбалт The Guardian ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

 Жоспарланып отырған темір жол желісінің ұзындығы 13 мың шақырым. Ол Сібір мен Беринг бұғазы арқылы 200 шақырым туннельді кесіп өтеді. Қазір жобаны Қытайдың сарапшылар тобы қызу талқылап жатыр. Сарапшылардың бір тобы қолдаса, енді бірі оған сенімсіздікпен қарайды, дейді Газета.Ru.

«Қазіргі уақытта бұл жобаны талқылап жатырмыз. Ресей жағы бұл желі жайлы көптеген жылдардан бері ойланып келеді», - дейді Қытай академиясы теміржол саласының маманы.

Мұның алдында айтылғанындай, Қытай құрлықаралық жоғары жылдамдықты темір жол желісін әзірлеуде африкалық жоспарды қолдайды. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян Африка одағының штаб-пәтерінде сөйлеген сөзінде айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер