Келер жылы «Зенит-М» кешені Қазақстан меншігіне өтеді - Өркениет|23 Маусым 2014, 15:06
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Келер жылы «Зенит-М» кешені Қазақстан меншігіне өтеді

Астана. 23 маусым. Baq.kz – Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында баяндама жасаған Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Жуырда ғана «Зенит-М» зымырандық кешеніндегі Ресейге жалға беруден шығарылатын нысандардың тізімі бекітілді. Сондай-ақ, осы тізімде Ресей Федерациясы тарапынан «Бәйтерек» кешенін қазақстандық ұйымға берудің нормативтік-техникалық және ұйымдастырушылық құжаттары да әзірленген. «Зенит-М» старттық кешені нысандарын Ресей Федерациясына жалға беру құрамынан шығару және оны Қазақстан тарапына беру 2015 жылдың қаңтары айына жоспарланған, - деді Талғат Аманкелдіұлы.

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер