BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«KazSat-3» спутнигі 2014 жылы ұшырылады

 АСТАНА. 3 желтоқсан. BAQ.KZ – Қазақстандық жерсерік байланысы мен хабар тарату жүйесін құрудың келесі сатысы «KazSat-3» ұлттық жерсерігін жасау жобасын іске асыру болып табылады. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков мәлім етті.

 «KazSat-3» спутнигін 2014 жылғы 1 тоқсанда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыруды жүзеге асыру жоспарланып отыр. «KazSat-3» спутнигін пайдалануға берудің арқасында, жерсерік толық қуатында жұмыс істеген жағдайда, қызметтер импортын 4 млрд. теңгеден астам сомаға азайта аламыз», - деді М.Молдабеков.
«KazSat-3» телекоммуникациялық спутнигі телевизия хабарларын таратудың, бекітілген байланыстың, интернеттің және деректерді берудің қазақстандық рыногының қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Оны қалыптастыру және іске қосу бойынша жарияланған халықаралық конкурстың нәтижесінде, ғарыш аппараттарын жасау бойынша көпжылдық тарихы бар алдыңғы қатардағы ресейлік жетекші кәсіпорын «Академик М.Ф.Решетнёв атындағы ақпараттық спутниктік жүйелер» ААҚ-мен «KazSat-3» телекоммуникациялық спутнигін жасау шартына қол қойды. Бүгінгі күні бас мердігер «KazSat-3» спутнигі ғарыштық платформасын құрастыру жұмыстарын аяқтап, оны автономды электрлік сынақтан өткізді», - деді Ұлттық ғарыш агенттігік өкілі. 

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер