«Қазпочта» желіде жаңа қосымшасын іске қосты - Өркениет|23 Ақпан 2016, 20:01
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Қазпочта» желіде жаңа қосымшасын іске қосты

Астана. 23 ақпан. Baq.kz – «Қазпочта» АҚ арнайы қосымшаның Facebook әлеуметтік желісінде іске қосылғанын хабарлайды.

Бұл қосымша Telegram мессенджердегі @KazPostBot-тың аналогы болып табылып, сәлемдемелердің трекингін бақылау, постаматтардын Қазақстан бойынша орналасқан жерлерін, ағымдағы валюта айырбастау бағамы жайлы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

@KazPostBot қызметтерімен 6,5 мыңнан астам адам қолданады, күн сайын боттың бірегей пайдаланушылардың қатарын 100-ден астам адам толықтырады, өз кезегінде, бот тәулігіне 1000-нан астам сұрауларын өңдейді.

Айдың аяғына дейін қосымшаға «Ең жақын бөлімі», «Түйіндемені қосу» және «Валюта айырбастау мұрағатты» сияқты мүмкіндіктерді іске қосылады. Сонымен қатар, Қазпочта IT-бөлімінің мамандары апта сайын жаңа мүмкіндіктерді қосып отырады, бұл бірден қалаған ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Арнайы қосымшамен пайдалану үшін Қазпочтаның әлеуметтік желісіне кіріп, көрсетілген бағыттар бойынша әрекет жасағанда қолжетімді болмақ. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер