«Қазконтент» АҚ мемлекеттік органдар өкілдеріне семинар өткізді (ФОТО) - Өркениет|01 Шілде 2014, 16:41
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Қазконтент» АҚ мемлекеттік органдар өкілдеріне семинар өткізді (ФОТО)

Астана. 1 шілде. Baq.kz – «Қазконтент» АҚ «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын контенттік сүйемелдеу және жетілдіру» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар спикерлері SMM-жетілдіру саласындағы медиа жаттықтырушылар - Тимур Кубеков пен Әлімжан Бисембаев, сонымен қатар «Астана ЭКСПО-2017» ҰК баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Мүкей болды.

 

Семинар барысында мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің Интернет желісіндегі жұмысы, әлеуметтік желідегі жетілдірудің негізгі бағыттары мен бәсекелестік жағдайдағы оңтайландырудың заманауи мүмкіндіктері талқыланды.

 

Семинар Интернет желісінде мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын жетілдіру және халық арасында кең жария ету арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат пен идеологияны тарату мақсатында өткізілді.

 

Аталған семинардың тиімділік көрсеткіші – ашықтық, айқындылық деңгейінің артуы, интернет-ресурстың келушілер санының жоғарылауы және халықтың мемлекеттік органдардарға жағымды көзқарасын атауға болады.

 

Бұдан басқа мемлекеттік органдардың халықпен өзара әрекеттесу жүйесін жетілдіру маңызды аспект ретінде қарастырылды.

 

 

Дайындаған: Айнұр РАКИШЕВА, Ғабит МАДАЛИЕВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер