BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанның 6 облысында 4G байланысы іске қосылды

Астана. 20 желтоқсан. Baq.kz - «Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның алты облыс орталығында LTE желісін іске қосты. Жылдамдығы жоғары 4G ұтқыр интернет қызметі Қазақстан халқының 30%-ына қолжетімді болып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Индустрияландыру күні аясында «Қазақтелеком» АҚ Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Өскемен және Шымкент қалаларында LTE (4G) жаңа буын деректер беру желісін іске қосты. Мұның нәтижесінде 4G жылдамдығы жоғары ұтқыр интернет қызметі Қазақстан Республикасы халқының 30%-ы тұратын аумақта қолжетімді болып отыр.

LTE (4G) ұтқыр желісі Астана және Алматы қалаларында 2012 жылдың желтоқсанында пайдалануға енгізілген болатын. Кейін желі Алматыға серіктес қалалар – Есік, Қаскелең, Қапшағай, Талғар және Шамалғанда, сондай-ақ 2013 жылдың төртінші тоқсанында Алматы облысының 30-дан астам елді мекенінде қосымша кеңейтілді.

Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2014 жылдың соңына дейін барлық облыс орталықтарын және халық саны 50 мыңнан асатын қалаларды 4G қызметімен қамтып, содан кейін технологияны аудан орталықтарында енгізу жоспарланып отыр.

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев бүгінгі таңда ALTEL 4G қызметінің абоненттік базасы 100 мың пайдаланушыға жеткенін атап өтті.

«Төртінші буын желісі» 100 Мбит/с дейінгі барынша жоғары жылдамдықты қамтамасыз етеді. Бұл ілгері буын желілерінде қолжетімсіз болып келген мүлде жаңа сервистерді енгізуге мүмкіндік береді», - деп толықтырды ол.
Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер