Қазақстанда мобильді банкингті 900 мыңдай адам пайдаланады - Өркениет|19 Мамыр 2014, 15:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстанда мобильді банкингті 900 мыңдай адам пайдаланады

Астана. 19 мамыр. Baq.kz – Қазақстанда мобильді төлемдер жасау жүйесінің енгізілгеніне ұзақ уақыт өтпесе де, оны пайдаланушылардың саны күрт артып отыр. Бүгінде елімізде СМС төлемдерге, NFC (near field communication) технологиясына, мобильді банкингке жүгінетіндердің қатары көп. 

Gartner жасаған талдауға сүйенсек, бүгінде әлемде мобильді коммерцияны пайдаланушылардың саны 245 миллион адамнан асады екен. 2017 жыл бұл көрсеткіш 83 пайызға өсіп, 450 миллион адамды құрайды деген болжам бар. Сондай-ақ, мобильді төлемдердің де көлемі бірден 206 пайызға артып, жалпы сомасы 721 млрд долларға жетуі әбден мүмкін.
Дегенмен, сарапшылар бұл өсімді баяу деп бағалап отыр. Оның ең алғашқы себебі - мобильді төлемдерді жүзеге асырумен айналысатын сервистердің сапасынан. Сапаны жақсартқан кезде ғана аса жоғары көрсеткіштерге қол жеткізугше болады дейді олар. Сонымен қатар, тұтынушылардың бойындағы үрей де үлкен өсімге кедергісін тигізіп отырған көрінеді. Яғни, компьютерге сене бермейтін адамдар мобильді төлемдерді жасау кезінде үлкен соманы айналымға салмайды екен.
Енді Қазақстандағы жағдай туралы айтсақ...
Былтыр елімізде мобильді банкинг қызметін 9 банк өз пайдаланушыларына ұсынған. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 3 есеге көп. Бүгінде мобильді банкингті тұтынатын қазақстандықтар саны 900 мың адамға жетеді.
Ал, электронды коммерция саласын бөлшектеп қарайтын болсақ, мобильді төлемдерде айналып жатқан қаражат жалпы соманың небәрі бір-ақ пайызын құрап отыр.
Бұл жайында бүгін Астанада жұмысын бастаған ASTEX-2014 жаңа технологиялардың халықаралық көрме-конференциясында айтылды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер