BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан ТМД-да теңдесі жоқ әскери оптика шығаруды қолға алмақ

Астана. 20 желтоқсан. Baq.kz – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың Индустриалдық паркіндегі электрондық-оптикалық құралдар шығаратын зауытта болды. Бұл туралы «Қазақстан Инжиниринг ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС бірлескен кәсіпорны 2011 жылдың 13 мамырында Қазақстан мен Түркия президенттерінің уағдаластығы негізінде құрылған болатын.

Бұл жоба Қазақстанның қарулы күштері мен басқа да ведомстволарын оптроникамен қамтамасыз ету, сондай-ақ, өнімге техникалық және сервистік қызмет көрсету мақсатында іске асырылып отыр.

Жобаның құны 4,5 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2011-2013 жылдар. Өндіріс 2014 жылдың соңына қарай толыққанды жұмыс істеуге кіріседі деп жоспарланған. Осының арқасында 100-ге тарта жұмыс орны ашылады.

Зауыт «Астана жаңа қала» АЭА Индустриалдық паркінде 7,48 гектар учаскеге салынған. Алдағы уақытта зауытта түнде бақылау құралдарын, оптикалық және жылуды бақылайтын құралдарды шығару жоспарланған. 2014-2015 жылдары линза шығаратын желілер монтаждалады. Болашақта азаматтық және әскери салаларда (су асты кемелері мен ғарыш кемелерінде) қолданылатын электрондық платалардың бірнеше түрін шығару да жоспарда бар.

ТМД аумағында мұндай сапалы өнім шығаратын кәсіпорындар жоқ. Қазіргі кезде электрондық-оптикалық құралдарды, түнде бақылау құралдарын, жылуды бақылайтын құралдарды Қазақстан, ТМД мемлекеттері, Түркия, Үндістан, Қытай және басқа да мемлекеттердің әскери және азаматтық мекемелері шығарады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер