Қазақстан энерготиімділікті дамытуға басымдық беруде – Шебнем Аккая - Өркениет|18 Маусым 2014, 11:34
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстан энерготиімділікті дамытуға басымдық беруде – Шебнем Аккая

Астана. 18 маусым. Baq.kz – Бүгін Астанада ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасында 21,7 млн доллар сомасына Қазақстанның энергетикалық тиімділігін арттыру жобасын жүзеге асыру туралы гранттық келісімге қол қою рәсімінде Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Шебнем Аккая осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Дүниежүзілік банк топтары үшін энерготиімділік басым салаларының бірі болып табылады және осы саладағы саясат экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, энергетикалық қауіпсіздікті арттырып, тұрақты экологиялық дамуға арқау болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақсан Үкіметінің жүзеге асырып жатқан жоспар-жобалары біздің ұйымның басты ұстанымдарымен сәйкеседі. Сондықтан да, энерготиімділікті арттыру шараларын қолдауда өзара әріптестігімізді тереңдете түсуге бейілдіміз, - деді ол.

Оның айтуынша, энерготиімділікті қолдап-қуаттау қазақстандық экономиканың дамуына оң серпін беріп, азаматтардың әлеуметтік деңгейінің артуына жол ашатын көрінеді. Сонымен қатар, ол өзінің сөзінде әлем бойынша Қазақстан энерготиімділікті дамытуға ынталы елдердің қатарындағы үшінші ел екендігін де атап өтті.

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
Cуретті түсірген – Азамат Алиев

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер