Қазақ тілін үйрететін веб-порталдың қызметі кеңейтілді – Мәдениет министрі - Өркениет|10 Маусым 2014, 15:15
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақ тілін үйрететін веб-порталдың қызметі кеңейтілді – Мәдениет министрі

 

Астана. 10 маусым. Baq.kz – Бүгін Үкімет отырысынан кейін Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен арнайы брифинг өткізген Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай мәлімдеді.
 

 - Өздеріңіз білетін 2012 жылы ашылған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» (www.til.gov.kz) веб-порталының функциясы кеңейтілді. Бүгінгі таңда бұл порталды Түркия, АҚШ, Жапония, Ресей, ҚХР, Франция, Германия және т.б. елдердің азаматтары көп пайдаланады. Ал өткен жылдың соңына қарай, Астанада «Тілдерді жедел үйренудің инновациялық тәсілдері және заманауи технологияларды пайдалану» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Мұндағы мақсат – алдын ала халықаралық және отандық ғылыми-педагогикалық тәжірибені кеңейту, интерактивті технологияларды пайдалану жолымен тілдерді жедел үйренудің тиімді және заманауи әдістерін пайдалану, оқытудың заманауи ақпараттық технологияларының мүмкіндіктерін айқындау болған еді. Ендігі жерде біз оқыту орталықтарының оқу әдістемелік базасын мейлінше заманауи құрылғылармен жабдықтап, жарақтандыруға көңіл бөліп жатырмыз, - деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі кезде елдегі аккредиттеуден өткен қазақ тілін оқыту орталықтарының үлесін 2014 жылға қарай – 30%-ға, 2017 жылға қарай – 70%-ға ал 2020 жылға қарай – 100% қамту көзделіп отырған көрінеді.
- 2014 жылға қарай көрсеткіштің жоспарланған мәніне қарамастан бүгінгі таңда қазақ тілін оқыту орталықтарын аккредиттеу басталған жоқ. Десек те, орталықтарды аккредиттеудің әдіснамасы әзірленді, қазіргі кезде нормативтік-құқықтық мәселелерге байланысты жоба тоқтап тұр, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
 
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
Суретті түсірген – Азат ЕСЕМБЕКОВ

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
26 Желтоқсан 2018, 18:23
Сыртқы істер министрі ауысты
Пікірлер