Қазақ тілін оқытатын iPad-қа арнайы қосымша бағдарлама жасалмақ - Өркениет|25 Маусым 2012, 17:31
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақ тілін оқытатын iPad-қа арнайы қосымша бағдарлама жасалмақ

Қазақ тілін оқыту мақсатында iPad-қа арналған арнайы қосымша бағдарлама жасалады. Бұл туралы «Тілдарын» тілдерді оқыту инновациялық технологиялардың әдістемелік орталығы кеңесшісі Виталий Александров «Интеграция: тіл, мәдениет, салт-дәстүрлер» жобасының тұсаукесері барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Вnews.kz тілшісі. 

«Қазіргі уақытта технологияның неше түрі бар. Мысалы, аспанға проекторлар арқылы сөз шығаратын технология жұмыс істеуде. Оларды Есіл өзенінің жағалауына қондыруға болады. Балалар үшін планшетке арналған қосымшалар жасау мәселесі бұған дейін де сөз болған. Осы жұмысты қазір қолға алдық. iPad-қа арналған арнайы қосымша бағдарлама жасалуда», - деді В.Александров.

Диана Құлмағанбетова

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер