Қала күні құрметіне орай арнайы портал іске қосылды – М. Мәжитов - Өркениет|03 Шілде 2014, 13:30
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қала күні құрметіне орай арнайы портал іске қосылды – М. Мәжитов

Астана. 3 шілде. Baq.kz – Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласының дамуындағы шағын және орта бизнестің алатын ролі жайында өткен брифинг барысында Астана қаласы Кәсіпкелер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Астана қаласының күніне орай, Кәсiпкерлер палатасы Аstana2050.kz бизнес-порталын iске қосты. Бұл қазақстандық кәсiпкерлер мен шетелдiк инвесторлар үшiн iскерлiк ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету мақсатымен жүзеге асты. Порталда қала экономикасының барлық секторы туралы сараптамалық ақпараттар, мемлекеттiк қаржылық және қаржылық емес көмек құралдары туралы материалдар мен Астана қаласындағы кәсiпорындардың байланыс мәлiметтерi берiлген каталог секілді сан түрлі өзге де қызықты ақпараттар ұдайы жарияланып тұрады. Сонымен қатар, порталымыз ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық барысына қатысты жаңалықтармен үнемі бөлісіп отырады. Сондықтан да кәсіпкерлер мен инвесторлардың да, жалпы қаламыздағы бизнестiң дамуына қызығушылық танытқан кісілердің қажетіне жарайды деген сенімдеміз, - деді Мейірбек Сабырұлы.


Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
Суретті түсірген – Азат ЕСЕМБЕКОВ

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер