Инвесторлар үшін алғашқы арнайы қызмет алаңы ашылды - Өркениет|25 Желтоқсан 2015, 19:09
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Инвесторлар үшін алғашқы арнайы қызмет алаңы ашылды

Астана. 25 желтоқсан. Baq.kz – Бүгін Астанада инвесторларға қызмет көрсету мақсатында еліміз бойынша алғашқы инвесторларға қызмет көрсету орталығы ашылды. «Бір терезе» қағидасы бойынша ашылған қызмет көрсету алаңында 350-ге жуық мемлекеттік қызмет түрлері ұсынылады деп жоспарланған, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Мамандардардың айтуынша, бұл жоба қазірше Халыққа қызмет көрсету орталығында пилоттық жоба ретінде іске қосылған. Алдағы уақытта еліміздегі әрбір облыс орталықтарында ХҚО тек қана отандық және шетелдік инвесторлар үшін қызмет көрсетіп, кеңес беретін осындай арнайы алаңдар ашу межеленіп жатқан көрінеді. Бұл жөнінде «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева былай дейді:

- Алдағы жылдың қаңтар айынан бастап бізде 19 халыққа қызмет көрсету орталығында осындай сектор ашылатын болады. Осы мақсатта біздің мамандарымыз арнайы оқу курстарынан өтті. Соның ішінде, әрине, тілдік курс та бар. Себебі, шетелдік инвестормен тез түсінісу үшін бұл сөзсіз қажет. Қазіргі кезде 57 инспекторымыз жұмыс істейді. Олар орыс, қазақ, ағылшын тілінде еркін қызмет көрсетеді. Ал Қазақстан бойынша 270 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, «бір терезе» жүйесі енгізілген өңірлер қатары өсе түспек, - дейді ол.

Айта кетейік, қазіргі кезде елімізде инвесторлар үшін «бір терезе» қағидасы аясында онлайн қызметін автоматтандыру және қамтамасыз ететін baseinvest.kz сайты жұмыс істеп тұр. Бұл жерде инвестор тіркеліп, толық әрі жан-жақты ақпараттар ала алады және онлайн режимде құжаттар алу үрдісін бақылай алады.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

ФОТО: total.kz 
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер