Инновациялық идеялар бүкіл Қазақстаннан жиналатын болады - Өркениет|09 Тамыз 2012, 15:30
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Инновациялық идеялар бүкіл Қазақстаннан жиналатын болады

 Астана. 09 тамыз. BAQ.KZ- Қазақстанның барлық өңірлеріндегі әлеуетті жаңашылдар мемлекеттік қолдау құралдары туралы кеңес ала алады, сондай-ақ инновациялық идеялардың республикалық конкурсына өтінім бере алады.

 Бүгін Астанадан бүкіл Қазақстанды аралап өтетін инновация автобусы жолға шықты.
«Инновациялық бизнес-жоспарлардың NIF$50K республикалық конкурсының ұйымдастырушылары еліміздің түкпір-түкпірінен жас ғалымдарды, дарынды өнертапқыштарды, болашақ бизнесмендерді іздеуге кірісті. Автобус бүгін Астанадан Қостанайға аттанды», - деп хабарлайды Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттіктің баспасөз қызметі.
Өнертапқыштар өздерінің инновациялық жобаларын 11 тамызда- Петропавлда, 13 тамызда – Қарағандыда, 14 тамызда – Павлодарда, 16-тамызда - Өскеменде, 17 тамызда – Талдықорғанда, 18 тамызда – Таразда, 21 тамызда – Шымкентте, 22 тамызда – Қызылордада, 24 тамызда – Ақтөбеде, 25 тамызда – Оралда, 27 тамызда – Көкшетауда, 27 тамызда – Атырауда, 29 тамызда – Ақтауда көрсете алады.
«Кездесу барысында әр ғалым, өнертапқыш өз жобасын көрсете алады. Сонымен қатар, инноваторлар конкурсқа қатысу үшін тұрғылықты жерінен өтінім беру мүмкіндігіне тұңғыш рет ие болады. Одан бөлек, инноваторлар сол жерде қолдау құралдары, инновациялық гранттар, технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы жөнінде кеңестер ала алады», - делінген хабарламада.
Конкурсқа инновациялық жобаның авторы болып табылатын, кәмелеттік жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Өтінімдер осы жылдың 31 тамызына дейін «ТДҰА» АҚ-да қабылданады.

Серік РАХМЕТОВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер