«Инновациялық автобус» алғашқы болып «АгромашХолдинг» АҚ – на тоқтады - Өркениет|11 Тамыз 2012, 18:49
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Инновациялық автобус» алғашқы болып «АгромашХолдинг» АҚ – на тоқтады

 «Елге сенің идеяларың қажет!» автобусын бірінші болып Қостанайдағы «АгромашХолдинг» АҚ зауыты қарсы алды.

 Тамыздың 9 күні Астанада жас өнер тапқыштарды, ғалымдар мен кәсіпкерлерді іздестіру мақсатында барлық Қазақстан бойы жүретін инновациялық автобустың іске қосуы өткен болатын. «Елге сенің идеяларың қажет!» жазуы бар автобусты бірінші қарсы алған Қостанай қаласы болды, атап айтқанда Республикадағы ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірі болып табылатын - «АгромашХолдинг» АҚ.
Қостанай зауытының мәжіліс залында барлық облыстың ғалымдары мен зерттеушілері жиналды, олар комиссияға әр түрлі жобалар ұсынған: велосипед тартуын жаңғыртудан судан электр энергиясын тудыруға дейін.
Ұлттық агенттiктiң технологиялық дамыту бойынша өкілдері барлық байқау қатысушыларын ықыласпен тыңдап, өнер тапқыштарға инновациялық өнімдерге арналған патенттердің дұрыс ресімдеуін түсіндірді. Сондай-ақ, олар отандық жобаларды қолдауға уәде берді. Байқау нәтижелері барлық облыстардың ұсынымдары қаралғаннан кейін белгілі болады, ал жеңімпазы өз жобасын жүзеге асыру үшін 7,5 миллион теңге көлеміндегі грантқа ие болады.
NIF$50K инновациялық бизнес-жоспарлар республикалық байқауы осы жылдың маусым айында басталғанын және «инновациялық автобустың» маршрутының соңына дейін өтетінін атап өту керек.
NIF$50K инновациялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы ақпараттарды тұрғындарға кеңінен таратуға, жаңа технологиялар саласындағы әлеуметтік-мағыналы бастамаларды айқындауға және қолдауға, инновациялық жобалардың өңдеушілерін бизнес-жоспарлауға үйретуге бағытталған. Осы жоба Индустрияландыру бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты, бұл өте ерекше оқиға, өйткені «АгромашХолдинг» АҚ зауытында бірнеше жыл бойы Қостанай облысының және жалпы Қазақстанның өнеркәсібін көтеретін инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер