«Хабар» Агенттігі» Еуропалық хабар тарату одағының қатарына енеді - Өркениет|29 Желтоқсан 2015, 15:17
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Хабар» Агенттігі» Еуропалық хабар тарату одағының қатарына енеді

Астана. 29 желтоқсан. Baq.kz - Жаңа жылдан бастап «Хабар» Агенттігі» Еуропалық хабар тарату одағының қатарына енеді. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Айдос Ыдырысұлы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

«Жаңа жылдан бастап «Хабар» Агенттігі» Еуропалық хабар тарату одағының қатарына енеді. Біздің Агенттік телевизия саласындағы бұл ұйымға енген Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз телекомпания. Енді Eurovision сынды мәдени халықаралық жарыстар мен Еуропада өткізілетін түрлі спорттық шараларды «Хабар» Агенттігі еш кедергісіз өз эфирінен көрсете алады», - деді А.Үкібаев.

Айта кетейік, Еуропалық хабар тарату одағы 1950 жылы құрылған. Бас кеңсесі Женева қаласында орналасқан. Бұл ұйым Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка елдеріндегі 56 мемлекеттің жетпістен астам теле және радио компанияларының басын қосып, бірлесіп жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, «Хабар» Агенттігі Азия-Тынық мұхит хабар тарату одағына да мүше болған алғашқы қазақстандық БАҚ өкілі.

 

Назерке СҮЙІНДІКОВА 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер