BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Google Translate» қазақ тілінде де қызмет көрсетеді

Астана. 24 желтоқсан. Baq.kz – «Google Translate» аударма қызметіне қазақ тілін қосу жобасы басталды. Бұл жоба «WikiBilim» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан қазақтілді интернетті дамыту бағдарламасының құрамдас бөлігі. Жоба «Beeline Қазақстан» компаниясының қолдауымен жүзеге асып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «WikiBilim» қоғамдық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Рауан Кенжеханұлы мәлім етті.

Оның айтуынша, қазіргі кезде «Google Translate» аударма қызметіне 80 мемлекет кіреді. Ал қазақ тілін бұл қызметке қосу жұмыстары 1,5 жыл бұрын ғана басталған. Соған қарамастан, қазір қазақ тіліне аудару жүйесінің тәжірибелік нұсқасы іске қосылған. Онда «Beeline Қазақстан» компаниясының қаржылай қолдауымен 10 сарапшы-аудармашыға гранд бөлініп, тұрақты түрде жұмыс істеп жатыр. Жоба жетекшілерінің айтуынша, бұл сарапшы-аудармашылар сайдың тасындай іріктеп алынған білімді де білікті мамандар. Ал «Google» өз тарапынан қажет құралдармен қамтамасыз етіп, техникалық қолдау көрсетеді.
Сонымен қатар, кез келген азамат қазақ тіліндегі аудармалардың сапасын жақсартуға үлес қоса алады. Ол үшін http://translate.google.com/about/intl/en_ALL/volunteer/kazakh.html сілтемесіне басып, сайтқа кіру керек. Мұнда ағылшын тілінен қазақ тіліне немесе қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылған мәтіндердің сапасына «Өте жақсы», «Жақсы», Қанағаттандырарлық» немесе «Нашар» деген баға бере аласыз. Аударылған дайын мәтіндеріңіз болса, оны сайтқа салып, аудармалардың санын арттыруға өз үлесіңізді қоса аласыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер