Google әлемдегі ең тартымды жұмыс беруші деп танылды - Өркениет|19 Қыркүйек 2013, 17:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Google әлемдегі ең тартымды жұмыс беруші деп танылды

 Астана. 19 қыркүйек. Baq.kz- Google жоғары оқу орындарының түлектері үшн әлемнің үздік жұмыс берушісі болып танылды. Бұған Universum фирмасы жүргізген зерттеулер нәтижесі дәлел. Google іскерлік жағынан да, инженерлік санаттан да озық шықты, деп хабарлады.

 Бизнеспен байланысты мамандықтарда оқыған түлектер үшін тартымдылығы жөнінен көшбасшылар үштігіне EY аудиторы (бұрынғы Ernst & Young) және Goldman Sachs инвестициялық банкі кірді. Инженерлік мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарын бітіргендер арасында екінші және үшінші орындарға тиісінше Microsoft және IBM ие болды.
Бизнес санатындағы ондыққа аудиторлық компаниялар көбірек кірген. «Үлкен төрттіктің» барлық фирмалары - EY, KPMG, PricewaterhouseCoopers және Deloitte осы ондық қатарында. Олардан басқа онда Apple, Microsoft, Coca-Cola және Procter & Gamble орналасқан.
Ал инженерлік санатта көшбасшылар қатарында Apple, BMW, Sony, General Electric, Siemens және Intel фирмалары бар.
Universum зерттеулері әлемнің ірі 12 жоғары оқу орындарының студенттері сауалдамаларының негізінде жасалған. Олардың ішінде АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Бразилия, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада және Австралия елдері бар. Фирма 200 мыңға жуық студенттермен сауалдама жүргізген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер