Ғалымдар ылғалданбайтын материал ойлап тапты - Өркениет|18 Қыркүйек 2012, 11:03
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ғалымдар ылғалданбайтын материал ойлап тапты

Инженерлер ерекше құрылымының арқасында суды да, майды да сіңірмейтін керемет материал ойлап тапты. Су мен май тамшылары оның бетіне түскен кезде өзінің бастапқы қалпын сақтап қалады. 

Lenta.ru хабарлағандай, материалдың таңғажайып беткі қабаты кремний фотолитографиясы арқылы жасалған. Материалдың авторлары материалды гиперболоидты пішінді тістері бар микроқұрылымды етіп жасаған. Химиялық өңдеуден кейін мұндай материал суды да, майды да сіңірмейді.
Әзірлеменің бірегейлігі – материалдың бетіне тамған сұйықтық тіпті кепкен кезінде де бастапқы пішінін сақтайды. Бұған дейін жасалған су және май сіңірмейтін материалдар біраз уақыт өткен соң дегенмен сұйықтықты сіңіретін.
Айта кетейік, енді ғалымдар ластанбайтын жаңа материал жасап шығармақшы.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер