BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ғаламтор кеңістігі отандық әлеуметтік желімен толықты

Астана. 21 қазан. Baq.kz - Еліміздің Қазнет кеңістігі тағы бір әлеуметтік желімен толықты.
Бұл әлеуметтік желінің басты ерекшелігі – оның Қазақстанда жасалуы. Авторы – оралдық оқушы Данияр Бекқожин. Allpeople.kz деп аталатын жаңа желіні қолданушылардың саны қазірдің өзінде 5 мыңға жетіп қалған. Арман Есекенов ғылыми ізденістерді қолдау мақсатында құрылған Оралдағы технопаркке басшылық етеді. Сондықтан, технология саласындағы кез келген жаңалықты қалт жібермеуге тырысады. Бұл ретте әлеуметтік желілердің көмегіне де жиі жүгінуге тура келеді. Ол оралдық оқушының ойынан туған жаңа желімен де жақсы таныс. Allpeople.kz атты желінің болашағы зор. Ол – осы желінің тұрақты қолданушысы.  

 Арман ЕСЕКЕНОВ, «Алгоритм» технопаркінің директоры:
- Данияр досымен бізге келді. Досының есімі – Жонысов Дәулет. Олар – өте зерек жеткіншіктер.
Данияр Бекқожин Оралдағы №27 мектептің 11 сыныбында оқиды. Жаңа әлеуметтік желіні құру туралы ой оған осыдан 2 жыл бұрын келген. Алайда, мәселе қаржыға келіп тіреледі. Зерек жастың ойын жүзеге асыруына сыныптасы көмектесті. Өзін осы желінің коммерциялық директоры санайтын Дәулет Жонысовты шын мәнінде инвестор деп атауға болады.

Дәулет ЖОНЫСОВ, 11 сынып оқушысы:
- Біздің әлеуметтік желі басқа әлеуметтік желілерден еш кем емес. Бұл бізді қуантады. Біз бұл желіні әлі де жетілдіреміз.

Данияр БЕКҚОЖИН, әлеуметтік желіні құрушы:
Allpeople.kz – Қазақстандағы әлеуметтік желі. Қазақстандық азаматтардың патриоттық сезімін ояту үшін жасалған. Қазақстан шетелдің әлеуметтік желілеріне тәуелді болмауы керек. Қазақ жастары отандық желіге кіруі тиіс.
Білікті жастың алға қойған мақсаты биік. Оралдық бағдарламашылар оны өз арасында «оқушы» деп еркелете атайды. Көкірегі патриоттық сезімге толы жеткіншек көп сөздің емес, нақты істің адамы болмаққа бекініп, отандық жаңа технологияның дамуына қазірден бастап өз үлкесін қосуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер