Еуразия ұлттық университеті күн энергиясын тұтынатын болды - Өркениет|27 Қыркүйек 2012, 17:12
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Еуразия ұлттық университеті күн энергиясын тұтынатын болды

Астана. 27 қыркүйек. Baq.kz Астанадағы Еуразия ұлттық университеті күн энергиясын тұтынатын болды. Немістің энергетикалық кәсіпорындарының бірі оқу орнына күн батареяларын сыйға тартты. 

Күннен қуат алатын қондырғы университеттің ғылыми-зертханалық корпусының шатырына орналастырылды. Қондырғының қуаты аса көп емес. «Әзірге қанатқақты жоба ретінде іске қосылды. Бірақ, бұл энергияның сарқылмас, балама көздерін табуға үлгі болатын жоба», дейді университеттің басшылығы.
Дәуренбек Әубәкір, техника ғылымдарының докторы, профессор:
Мұның артықшылығы отынды қажет етпейді. Бірақ, жылытуға қажетті энергияны өндіре алады. Ыстық суды, қажет болса буды да бере алады.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ
Kaztrk

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер