Эталонды бақылау банкінің пайдалануға берілуі өткен жылдың айтулы оқиғасы болды - Өркениет|05 Ақпан 2016, 11:57
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Эталонды бақылау банкінің пайдалануға берілуі өткен жылдың айтулы оқиғасы болды

Астана. 5 ақпан. Baq.kz – Нормативтік құқықтық актілердің электронды түрдегі эталонды бақылау банкінің өндірістік пайдалануға берілуі, өткен жылдағы маңызды оқиғаның біріне айналған. Бұл туралы Әділет министрі Берік Имашев ұжымда өткен алқа отырысында айтты, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Құқықтық актілер туралы» заң қабылданғаннан кейін бұл банк сыртқы порталған шығарылып, бақылау жағдайындағы нормативтік құқықтық актілердің кез-келген пайдаланушыға қолжетімділігі артты. Бүгінде банк мұрағаты электронды цифрлық қолтаңбалы 3,5 мыңнан астам нормативтік құқықтық актілерді құрайды» деді министр.

Айта кетейік, елімізде мемлекеттік қызмет көрсету салаларын цифрлық қолтаңба негізінде заманауи технологиялар көмегімен жетілдіру саясаты соңғы жылдары қызу қолға алынуда. Соның аясында Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілердің электронды түрдегі эталонды бақылау банкін өндірістік пайдалануға беру жоспарын өткен жылы толық орындап бітірген болатын. Сала мамандардың айтуынша, бүгінде мемлекеттік тіркеуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілер саны өткен кезеңмен салыстырғанда едәуір артқан. Соңғы деректер бойынша олардың саны 12,5 мыңды құраған көрінеді.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер